23
January
2020
Ұлы Абайдың 175 жылдығы
Ұлы Абайдың 175 жылдығы
2020 жылы қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы өтеді. 2020 жылдың 22 қаңтарында Өскемен қаласының Республика алаңында Абай Құнанбайұлының мерейтойын тойлау жылының басталуына арналған ресми ашылу салтанаты өтті. Абай Құнанбайұлының ескерткішіне гүлшоқтары қойылды. Сондай-ақ, концерттік бағдарлама өтті, онда ақынның өлеңдері айтылды. Бұл іс-шараға «№9 орта мектебі» КММ-нің мұғалімдері де қатысты.




