ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУ ҚАҒИДАЛАРЫНА ЕНГЕН ӨЗГЕРІСТЕРДІ ТҮСІНДІРЕМІЗ\РАЗЪЯСНЯЕМ ИЗМЕНЕНИЯ В ПРАВИЛА АТТЕСТАЦИИ ПЕДАГОГОВ
2024 жылғы 8 сәуір күні ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№9 орта мектебі» КММ директор жанындағы мәжіліс өтті, мәжілісте ұжымды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 27.01.2016ж. №83 бұйрығы негізінде, «Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызметшілерді аттестаттауды өткізу шарттары мен ережелері, сондай-ақ, Мектепке дейінгі білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында лауазымдарды атқаратын педагог кадрларды және оларға теңестірілген адамдарды аттестаттауды өткізу шарттары мен ережелері, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім», 2024 жылғы 2 сәуірдегі №72 мектеп педагог кадрларын аттестаттау туралы өзгерістер мен толықтыруларын таныстырды.
Директордың ОІ жөніндегі орынбасары А.Р.Ахметова педагогтарды аттестаттау ережесінің негізгі бағыттарына тоқталды:
1. Ережеге енгізілген негізгі өзгерістердің бірі барлық деңгейдегі мұғалімдерге арналған ПББ тапсыру кезінде бірдей сұрақтар санын белгілеу болып табылады – 50 сұрақ, пәндік білім бойынша - 30, оқыту әдістемесі бойынша - 20.
Жаңа Ережеде шекті деңгей сұрақтардың жалпы санына (50) дұрыс жауаптардың жалпы санынан пайызбен есептеледі. «Педагог-модератор» санатына үміткерлер үшін шекті деңгей кем дегенде 60%, педагог-сарапшы - 70%, педагог-зерттеуші - 80% және педагог-шебер - 90% құрайды.
2. Аттестаттаудан өту мерзімі 3 жылдан 5 жылға дейін өзгеруіне байланысты аттестаттау мерзімі 2024 жылы аяқталатын білім беру ұйымдарының, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлерінің, басшылардың орынбасарларының біліктілік санаты 2 жылға ұзартылды.
3. Білім беру ұйымдарының, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшылары мен басшылардың орынбасарлары лауазымға тағайындалған күннен бастап үш жыл өткен соң аттестаттауға қатыса алады.
4. Аттестаттаудан өту мерзімі 2024-2027 жылдың екінші жартыжылдығында аяқталатын мұғалімдер үшін біліктілік санаты келесі күнтізбелік жылдың қыркүйек айына дейін ұзартылады.
5. Педагогикалық өтілі 30 (отыз) және одан да көп жыл барлық лауазымдардағы педагогтардың қызмет нәтижелерін кешенді қорытындылау кезінде біліктілік санатын растауда ПББ тапсыру талап етілмейді. Бұл норма ескі форматтағы (I, II және жоғары) біліктілік санаттары бар мұғалімдерге де қолданылады. Бұл ретте қосымша мамандықтар (қос диплом немесе қайта даярлау) бойынша мұғалімнің профилі де ескеріледі.
6. 2023 жылы тестілеу кезінде алынған сертификаттардың әрекет ету мерзімі 2024 жылы жарамды және ағымдағы жылы аттестаттау үшін жарамды.
7. ПББ өту кезінде бұзушылықтарға жол берген мұғалімдерді тестілеуден шеттету мерзімі 5 жылдан 1 жылға дейін қысқартылды. Өткен жылдардағы тәртіп бұзу күнінен бастап кемінде бір жыл өткен мұғалімдер үшін бұзушылық туралы хаттама жойылады және мұғалімнің ағымдағы жылы ПББ қатысу мүмкіндігі бар.
8. Ескі санат форматындағы мұғалімдерге биыл жаңа жүйеге көшуге толық мүмкіндік беріледі.
9. Биылғы жылдан бастап аттестация жылына бір рет қана өткізілетін болады.
10. Педагог-модератордың біліктілік санатын беру/растау туралы шешімді білім беру ұйымдары, сарапшыны - аудандық/қалалық білім бөлімі, зерттеушіні - білім бөлімі, шеберді - ҚР Оқу-ағарту министрлігінің аттестаттау комиссиялары қабылдайды.
8 апреля 2024 года в КГУ «Средняя школа №9» отдела образования по городу Усть-Каменогорску управления образования ВКО прошло совещание при директоре, на котором ознакомили коллектив с Приказом Министра просвещения Республики Казахстан от 2апреля 2024 года №72 «О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 27 января 2016 года №83" Об утверждении Правил и условий проведения аттестации педагогов, занимающих должности в организациях образования, реализующих общеобразовательные учебные программы дошкольного воспитания и обучения, начального, основного среднего и общего среднего образования, образовательные программы технического и профессионального, послесреднего, дополнительного образования и специальные учебные программы, и иных гражданских служащих в области образования и науки».
Заместитель директора по УР Ахметова А.Р. остановилась на основных направлениях правил аттестации педагогов:
1.Одним из ключевых изменений в Правилах является установление одинакового количества вопросов при сдаче ОЗП для педагогов всех уровней – 50 вопросов, из них на знание предмета - 30, по методике преподавания - 20.
В новых Правилах пороговый уровень исчисляется в процентном соотношении от общего количества правильных ответов к общему количеству вопросов (50). Для претендентов на категорию «педагог-модератор» пороговый уровень составляет не менее 60%, для педагогов-экспертов - 70%, для педагогов-исследователей – 80% и для педагогов-мастеров – 90 %.
2. В связи с изменением срока аттестационного периода с 3-х до 5 лет методистам, заместителям руководителей организаций образования, методических кабинетов (центров), у которых заканчивается аттестационный период в 2024 году, квалификационная категория продлевается на 2 года.
3. Руководители, заместители руководителей организаций образования, методических кабинетов (центров) могут участвовать в аттестации по истечении трех лет с даты назначения на должность.